Введите номер документа
Прайс-лист

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 28 қаңтардағы № 137 және 2006 жылғы 23 қазандағы № 1016 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 7 мамырдағы № 364 Қаулысы (күші жойылды)

Информация о документе
Датапонедельник, 7 мая 2007
Статус
Утратил силу
утратил силу с 19 января 2009

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 28 қаңтардағы № 137 және
2006 жылғы 23 қазандағы № 1016 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 7 мамырдағы № 364 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы  № 1332 қаулысымен күші жойылды

 

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ойын бизнесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:

1)«Қазақстан Республикасында өндірілетін және Қазақстан Республикасының кеден аумағына әкелінетін, Қазақстан Республикасының аумағында сатылатын акцизделетін тауарларға және құмар ойын бизнесіне арналған акциз ставкалары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 28 қаңтардағы № 137 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 4, 56-құжат):

тақырыптағы және 1-тармақтағы «және құмар ойын бизнесіне» деген сөздер алынып тасталсын;

көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:

тақырыптағы «және құмар ойын бизнесіне» деген сөздер алынып тасталсын;

«Өндірілетін тауарларға және құмар ойын бизнесіне арналған акциз ставкалары» деген бағанның тақырыбындағы «және құмар ойын бизнесіне» деген сөздер алынып тасталсын;

мына:

      «Құмар ойын бизнесі  ойын үстелі      300-1400 АЕК

      (лотереядан басқа)   бір ойыншы         20-70 АЕК

                           ойнауға арналған 

                           ақшалай ұтысты

                           ойын автоматы

                           бірнеше ойын-      70-100 АЕК

                           шының қатысуымен

                           ойын өткізуге

                           ақшалай ұтысы бар

                           ойын автоматы

                           (электронды рулет-

                           каны қоспағанда);

                           тотализатор         160-400 АЕК

                           кассасы

                           букмекер            40-200 АЕК

                           кеңсесінің кассасы

                           электронды          70-150 АЕК

                           рулетка                             »

 

деген жол алынып тасталсын;

2) «Тіркелген жиынтық салықтың ең төменгі және ең жоғары базалық ставкаларының мөлшерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 қазандағы № 1016 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 39, 434-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген тіркелген жиынтық салықтың ең төменгі және ең жоғары базалық ставкаларының мөлшерінде* реттік нөмірлері 1, 2, 3, 4, 5, 6 және 13-жолдар алынып тасталсын.

2. Осы қаулы 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми түрде жариялануға тиіс.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Документ утратил силу

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом