Введите номер документа
Прайс-лист

«Қауіпті жүктерді тасымалдау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 маусымдағы № 534 Қаулысы (2011.21.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен) (күші жойылды)

Информация о документе
Датасреда, 27 июня 2007
Статус
Утратил силу
утратил силу с 18 января 2013

Қауіпті жүктерді тасымалдау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 маусымдағы № 534 Қаулысы

(2011.21.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

ҚР Үкiметiнiң 2012 жылғы 21 қарашадағы № 1474 Қаулысымен күші жойылды

 

ҚР Үкіметінің 2011.21.12. № 1567 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (ресми жарияланғанынан кейін жиырма бір күндік мерзім өткен соң, бірақ 2012 жылғы 30 қаңтардан ерте емес қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

«Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған:

1) ҚР Үкіметінің 2011.21.12. № 1567 Қаулысымен алып тасталды (ресми жарияланғанынан кейін жиырма бір күндік мерзім өткен соң, бірақ 2012 жылғы 30 қаңтардан ерте емес қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2) қауіпті жүктерді тасымалдау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.

2. Осы қаулы ресми жариялануға тиіс және 2007 жылғы 9 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

ҚР Үкіметінің 2007.13.11. № 1078 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.30.11. № 1295 Қаулысымен (бұр.ред.қара) ереже өзгертілді

Ереже. ҚР Үкіметінің 2011.21.12. № 1567 Қаулысымен алып тасталды (ресми жарияланғанынан кейін жиырма бір күндік мерзім өткен соң, бірақ 2012 жылғы 30 қаңтардан ерте емес қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

ҚР Үкіметінің 2007.13.11. № 1078 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.30.11. № 1295 Қаулысымен (бұр.ред.қара) біліктілік талабы өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2011.21.12. № 1567 Қаулысымен біліктілік талаптары жаңа редакцияда (ресми жарияланғанынан кейін жиырма бір күндік мерзім өткен соң, бірақ 2012 жылғы 30 қаңтардан ерте емес қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2007 жылғы 27 маусымдағы

№ 534 қаулысымен

бекітілген

 

 

Қауіпті жүктерді тасымалдау жөніндегі қызметке қойылатын

біліктілік талаптары

 

Қауіпті жүктерді тасымалдау жөніндегі қызметті лицензиялау кезінде өтініш берушіге қойылатын біліктілік талаптары:

1) теңіз және өзен көлігімен:

Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес тиісті біліктілігі бар жүзбелі көлік құралының жинақталған кеме экипажының;

қауіпті жүктерді тасымалдауға арналған меншік құқығындағы немесе өзге де заңды негіздегі жүзбелі көлік құралдарының;

жүзбелі көлік құралымен қауіпті жүктерді тасымалдауды жүзеге асыру мүмкіндігін растайтын кеме қатынасы тіркелімі немесе біліктілік қоғамы қорытындысының;

көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы шарттың болуын қамтиды;

2) автомобиль көлігімен:

қауіпті жүктерді тасымалдауға арналған меншік құқығындағы, жалдау шарты немесе сенімхат негізіндегі автокөлік құралдарының;

көлік құралының жүргізушісінде тиісті санаттағы жүргізуші ретінде кемінде 3 жыл үзіліссіз жұмыс өтілінің;

жүргізушіні қауіпті жүкті тасымалдауға жіберу туралы куәліктің;

автокөлік құралын қауіпті жүкті тасымалдауға жіберу туралы куәліктің;

көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы шарттың болуын қамтиды.

 

 

 

Документ утратил силу

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Сравнение редакции
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом