Введите номер документа
Прайс-лист

«Жеке басты куәландыратын құжаттарды дайындау кезінде пайдаланылатын интеграциялық микросхемаға қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 18 қыркүйектегі № 815 Қаулысы (күші жойылды)

Информация о документе
Датавторник, 18 сентября 2007
Статус
Утратил силу
утратил силу с 18 сентября 2023

Жеке басты куәландыратын құжаттарды дайындау кезінде пайдаланылатын интеграциялық микросхемаға қойылатын талаптарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 18 қыркүйектегі № 815 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2023 жылғы 1 қыркүйектегі № 758 Қаулысымен күші жойылды

 

«Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған жеке басты куәландыратын құжаттарды дайындау кезінде пайдаланылатын интегралдық микросхемаға қойылатын талаптар бекітілсін.

2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2007 жылғы 18 қыркүйектегі

№ 815 қаулысымен

Бекітілген

 

Жеке басты куәландыратын құжаттарды дайындау кезінде пайдаланылатын интегралдық микросхемаға қойылатын талаптар

 

1. Қазақстан Республикасы азаматының паспортын және азаматтығы жоқ адамның куәлігін дайындау кезінде пайдаланылатын интегралдық микросхемаға қойылатын талаптар мыналардың:

1) есте сақтау көлемі кемінде 64 Кб ISO 14443 (А немесе В) халықаралық стандартына сәйкес келетін чиптің;

2) чиптен ақпаратты рұқсатсыз оқудан қорғаудың, (электрондық цифрлық қолтаңба, Basic Accesss Control және басқа);

3) цифрлық фотоны қоса алғанда, көрініс деректерін чипке жазудың;

4) биометриялық деректерді (саусақ таңбаларын) және электрондық цифрлық қолтаңбаны чипке жазу мүмкіндігінің;

5) ICAO стандарттарына сәйкес санау құрылғыларында паспортты санау мүмкіндігінің болуын қамтиды.

2. Жеке куәлікті және шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға берілген ықтиярхатын дайындау кезінде пайдаланылатын интегралдық микросхемаға қойылатын талаптар мыналардың:

1) еске сақтау көлемі кемінде 64 Кб дуалді чиптің (екі интерфейсі бар бір чип);

2) чиптен ақпаратты рұқсатсыз оқудан қорғаудың (электрондық цифрлық қолтаңба, Basic Accesss Control және басқа);

3) цифрлық фотоны қоса алғанда, көрініс деректерін чипке жазудың;

4) биометриялық деректерді (саусақ таңбаларын) және электрондық цифрлық қолтаңбаны чипке жазу мүмкіндігінің;

5) ICAO стандарттарына сәйкес санау құрылғыларында жеке куәлікті санау мүмкіндігінің;

6) чипте қайта жазатын бөлімдердің;

7) чипте криптограммалық қосарлы процессорлардың болуын қамтиды.

Криптографиялық қайта өзгертулер алгоритмдері Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландыратын орталығы пайдаланылатын алгоритмдермен сәйкес болуы тиіс.

 

 

 

 

Документ утратил силу

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом