Введите номер документа
Прайс-лист

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2007.21.08 № 725 ҚАУЛЫСЫ

Информация о документе
Датапонедельник, 1 января 0001
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего измененияпонедельник, 1 января 0001

Мұнай-газ және энергетика салаларын дамыту жөнінде ведомствоаралық комиссия құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 тамыздағы № 725 Қаулысы

 

Осы редакция 2007 жылғы 19 қазандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Мұнай-газ және энергетика салаларын дамыту жөнінде ұсыныстар әзірлеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Мұнай-газ және энергетика салаларын дамыту жөнінде ведомствоаралық комиссия (бұдан әpi - Комиссия) құрылсын.

2. Қоса беріліп отырған:

1) Мұнай-газ және энергетика салаларын дамыту жөнінде ведомствоаралық комиссияның құрамы;

2) Мұнай-газ және энергетика салаларын дамыту жөнінде комиссия туралы ереже бекітілсін.

3. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің жойылды деп танылсын.

4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2007 жылғы 21 тамыздағы

№ 725 қаулысына

қосымша

 

Мұнай-газ және энергетика салаларын дамыту жөніндегі ведомствоаралық комиссияның

құрамы

 

Мусин

Аслан Есболайұлы

- Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің

орынбасары, төраға

 

Ізмұхамбетов

Бақтықожа Салахатдинұлы

- Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық

ресурстар министрі, төрағаның орынбасары

 

Сәтқалиев

Алмасадам Майданұлы

- Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық

ресурстар вице-министрі, хатшы

 

Ахметов

Cepiк Нығметұлы

- Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрі

 

Ысқақов

Нұрлан Әбділдаұлы

- Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрі

 

Коржова

Наталья Артемовна

- Қазақстан Республикасының қаржы министрі

 

Шабдарбаев

Амангелді Смағұлұлы

- Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік

комитетінің төрағасы (келісім бойынша)

 

Сағынтаев

Бақытжан Әбдірұлы

- Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу

агенттігінің төрағасы

 

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом