ҚР Президентінің 2016 жылғы 2 ақпандағы № 187 Жарлығымен; 2016.02.02. № 187 Жарлығымен (бұр.ред.қара) гарнизондық және қарауылдық қызметтер жарғысы жаңа редакцияда
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2007 жылғы 5 шілдедегі
№ 364 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының
ГАРНИЗОНДЫҚ ЖӘНЕ ҚАРАУЫЛДЫҚ ҚЫЗМЕТТЕР ЖАРҒЫСЫ
(2025.09.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Президентінің 2025.28.10. № 1068 Жарлығымен кіріспе өзгертілді (2025 ж. 9 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Осы Жарғы гарнизондық және қарауылдық қызметтерді ұйымдастыру және өткеру, әскерлердің қатысуымен болатын гарнизондық іс-шаралар өткізу тәртібін айқындайды.
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының гарнизондық және қарауылдық қызметтер жарғысының (бұдан әрі - Гарнизондық және қарауылдық қызметтер жарғысы) күші Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының (бұдан әрі - Қарулы Күштер) әскери қызметшілеріне және әскери киім нысанын киіп жүру құқығымен әскери қызметтен шығарылған азаматтарға оны киіп жүрген кезде қолданылады.
1. Гарнизондық қызметті ұйымдастыру
Жалпы ережелер
ҚР Президентінің 2019.13.06. № 13 Жарлығымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі Айрықша мақсаттағы күштерінің әскери бөлімдерін қоспағанда, елді мекенде немесе шекаралары белгіленген ауданда орналасқан Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының әскери бөлімдері, мекемелері (бұдан әрі - әскери бөлімдер) гарнизонды құрайды.