Введите номер документа
Прайс-лист

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2007 ЖЫЛҒЫ 30 СӘУІРДЕГІ № 352 ҚАУЛЫСЫ

Информация о документе
Датапонедельник, 1 января 0001
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего измененияпонедельник, 1 января 0001

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 сәуірдегі № 352 Қаулысы

 

Осы редакция 2007 жылғы 25 шілдедегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

 «Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы заңдарын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар (бұдан әрі - өзгерістер мен толықтырулар) бекітілсін.

2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

1) «Уәкілетті ұйымның әлеуметтік жеке код беру тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 16 қыркүйектегі № 1342 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., № 41, 388-құжат);

2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 4 маусымдағы № 926 және 1997 жылғы 16 қыркүйектегі № 1342 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 сәуірдегі № 376 қаулысының 1-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 18, 210-құжат);

3) «Мемлекеттік органдарда мемлекеттік Кәсіпорындар мен ұйымдардың ортақ жіктегішін енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 26 шілдедегі № 1130 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 31, 382-құжат).

3. Осы қаулы 2007 жылғы 13 тамыздан бастап қолданысқа енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 3, 4-тармақтарын, 2010 жылғы 13 тамыздан бастап қолданысқа енгізілетін осы қаулының 2-тармағын, өзгерістер мен толықтырулардың 1, 2, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 19, 20, 21, 22, 23, 24, 25, 26, 27-тармақтарын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және жариялануға тиіс.

 

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом