Введите номер документа
Прайс-лист

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)

Информация о документе
Датапонедельник, 1 января 0001
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего измененияпонедельник, 1 января 0001

Осы редакция 2007 жылғы 20 қазандағы  енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2006 жылғы 26 сәуірдегі

№ 329 қаулысымен

Бекітілген

 

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің
Спорт комитеті туралы ереже

(2007.19.07. берілген толықтыруларымен)

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Спорт комитеті (бұдан әрі - Комитет) мемлекеттік саясаттың іске асырылуын қамтамасыз ететін, сондай-ақ заңнамада көзделген шектерде оның құзыретіне жатқызылған қызмет салаларындағы салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің ведомствосы болып табылады.

Комитеттің негізгі міндеті дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуын бақылауды және қадағалауды іске асыру, жүзеге асыру болып табылады.

2. Комитет өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің кесімдеріне, өзге де нормативтік және құқықтық кесімдерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

3. Комитет мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қазынашылық комитеті органдарында шоттары болады.

Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

Егер Комитетке заңнамаға сәйкес уәкілеттілік берілген болса, оның мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.

4. Комитет өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының аумағында міндетті күші болатын бұйрықтар шығарады.

5. Комитеттің штат санының лимиті мен құрылымын Қазақстан Республикасының Yкіметі бекітеді.

6. Комитеттің заңды мекен-жайы: 010000, Астана қаласы, Әуезов көшесі 126.

7. Комитеттің толық атауы -«Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт комитеті» мемлекеттік мекемесі.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом