Введите номер документа
Прайс-лист

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 14 желтоқсандағы № 1204 және 2006 жылғы 15 желтоқсандағы № 1220 қаулыларына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 15 қарашадағы № 1085 Қаулысы

Информация о документе
Датачетверг, 15 ноября 2007
Статус
Действующийвведен в действие с 15 ноября 2007
Дата последнего изменениячетверг, 15 ноября 2007

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 14 желтоқсандағы № 1204 және 2006 жылғы 15 желтоқсандағы № 1220 қаулыларына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 15 қарашадағы № 1085 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

1) «2007 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 14 желтоқсандағы № 1204 қаулысында:

көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:

II «Шығындар» бөлімінде:

03 «Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқық, сот, қылмыстық-атқару қызметі» функционалдық тобында, 01 «Құқық қорғау қызметі» кіші функциясында, 618 «Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы)» әкімшісі бойынша 001 «Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі уәкілетті органның қызметін қамтамасыз ету» бағдарламасы бойынша:

007 «Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру» кіші бағдарламасы бойынша «36 774» деген сандар «22 396» деген сандармен ауыстырылсын;

009 «Мемлекеттік органдарды материалдық-техникалық жарақтандыру» кіші бағдарламасы бойынша «114 191» деген сандар «128 539» деген сандармен ауыстырылсын;

2) «2007 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 желтоқсандағы № 1220 қаулысында:

көрсетілген қаулыға 436-қосымшада:

5-тармақта «өздерінің лауазымды міндеттерін тиімді орындау және кәсіби шеберлігін жетілдіру үшін ұсынылатын талаптарға сәйкес кәсіби қызмет саласында білім бағдарламалары бойынша теориялық білімін, іскерлігі мен дағдыларын жаңарту» деген сөздер алынып тасталсын;

«Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген 6-тармақ кестесінің 5-бағанындағы реттік нөмірі 6-жолда «- электр плиталары.» деген сөздерден кейін «лингафон жабдықтары - 10 жиынтық.» деген сөздермен толықтырылсын;

7-тармақта «17,3» деген сандар «10,5» деген сандармен ауыстырылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

 

 

 

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом