Введите номер документа
Прайс-лист

«Ұйымда кадрларды кәсіптік даярлауға, қайта даярлауға және біліктілігін арттыруға қойылатын жалпы талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 қарашадағы № 1147 Қаулысы (күші жойылды)

Информация о документе
Датачетверг, 29 ноября 2007
Статус
Утратил силу
утратил силу с 8 августа 2015

Ұйымда кадрларды кәсіптік даярлауға, қайта даярлауға және біліктілігін арттыруға қойылатын жалпы талаптарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің  2007 жылғы 29 қарашадағы № 1147 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 27 шілдедегі № 592 Қаулысымен күші жойылды

 

«Ұйымда кадрларды кәсіптік даярлаудың, қайта даярлаудың және біліктілігін арттырудың жалпы талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 191 бұйрығын қараңыз

 

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексі 142-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған ұйымда кадрларды кәсіптік даярлауға, қайта даярлауға және біліктілігін арттыруға қойылатын жалпы талаптар бекітілсін.

2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің 2007 жылғы

29 қарашадағы

№ 1147 қаулысымен

бекітілген

Ұйымда кадрларды кәсіптік даярлауға, қайта даярлауға және

біліктілігін арттыруға қойылатын жалпы талаптар

 

Ұйымда кадрларды кәсіптік даярлауға, қайта даярлауға және біліктілігін арттыруға қойылатын жалпы талаптар мыналардың болуын қамтиды:

1) ұйымның Жарғысында (Ережесінде) қызметкерлерді кәсіптік даярлауды, қайта даярлауды және біліктілігін арттыруды тікелей жүргізетін ұйымдар үшін кадрларды кәсіптік даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі норманың;

2) кадрларды кәсіптік даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі жұмыс оқу жоспарларының және бағдарламаларының;

3) тиісті кәсіптер (мамандықтар) бойынша оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерінің;

4) оқыту шартының (жұмыс беруші мен оқушы арасында тікелей ұйымдарда кәсіптік даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру шарттары туралы жазбаша келісімнің) немесе білім беру қызметін көрсету туралы шарттың (жұмыс беруші мен техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымы арасындағы кәсіптік даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру шарттары туралы жазбаша келісімнің).

 

 

 

 

Документ утратил силу

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом