Введите номер документа
Прайс-лист

«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Республикалық біліктілікті растау және беру орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 қаңтардағы № 15 Қаулысы (2022.19.08. берілген өзгерістермен)

Информация о документе
Датавторник, 15 января 2008
Статус
Действующийвведен в действие с 15 января 2018
Дата последнего измененияпятница, 19 августа 2022

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Республикалық біліктілікті растау және беру орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 қаңтардағы № 15 Қаулысы

(2022.19.08. берілген өзгерістермен)

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Республикалық біліктілікті растау және беру орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Республикалық техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың және біліктілікті берудің ғылыми-әдістемелік орталығы» (бұдан әрі - кәсіпорын) шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны болып қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.

2. «Кәсіпорын қызметінің негізгі мәні білім және ғылым саласындағы өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру болып белгіленсін.

3. Кәсіпорынды мемлекеттік басқару органы болып Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі белгіленсін.

4. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне кәсіпорынның жарғысын бекітуге ұсынсын;

2) әділет органдарында кәсіпорынның мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;

3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

5. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:

1) ҚР Үкіметінің 2013.05.08. № 796 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)

2) ҚР Үкіметінің 2022.19.08. № 581 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)

3) ҚР Үкіметінің 2015.28.08. № 683 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)

6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Сравнение редакции
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом