Введите номер документа
Прайс-лист

«Өркен» акционерлік коғамын құру және Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 13 мамырдағы № 452 Қаулысы (2022.19.08. берілген өзгерістермен)

Информация о документе
Датавторник, 13 мая 2008
Статус
Действующийвведен в действие с 13 мая 2008
Дата последнего измененияпятница, 19 августа 2022

«Өркен» акционерлік коғамын құру және Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 13 мамырдағы № 452 Қаулысы

(2022.19.08. берілген өзгерістермен)

 

Орта білім беру жүйесін жетілдіру және оқушылардың зияткерлік қабілетін дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Өркен» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - қоғам) құрылсын.

2. Қоғам қызметінің негізгі бағыттары:

«20 Тұңғыш Президенттің зияткерлік мектебі» жобасы шеңберінде жалпы білім беретін мектептердің желісін құру және қызметін қамтамасыз ету;

жалпы білім беру саласына инновациялық технологияларды енгізу болып белгіленсін.

3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне 2008 жылға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға көзделген резервінен қоғамның жарғылық капиталын қалыптастыру үшін 1 323 435 000 (бір миллиард үш жүз жиырма үш миллион төрт жүз отыс бес мың) теңге сомасында қаражат бөлінсін.

4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы қаулының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен бөлінетін қаражат есебінен қоғамның жарғылық капиталын қалыптастыруды;

2) қоғамның жарғысын бекітуді және оның Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

3) қоғам акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқықтарын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне беруді;

4) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін.

5. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар бекітілсін.

6. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі бөлінетін қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырсын.

7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2008 жылғы 13 мамырдағы

№ 452 қаулысымен

бекітілген

 

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар

 

1. «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:

«Астана қаласы» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 21-100-жолмен толықтырылсын:

«21-100. «Өркен» АҚ».

2. «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:

көрсетілген қаулыға қосымшада:

«Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 222-33-2-жолмен толықтырылсын:

«222-33-2. «Өркен» АҚ».

3. ҚР Үкіметінің 2022.19.08. № 581 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)

4. ҚР Үкіметінің 2015.28.08. № 683 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)

 

 

 

 

 

 

 

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Сравнение редакции
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом