Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008-2010 жылдарға арналған орта мерзімді фискалдық саясаты туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 тамыздағы №754 қаулысы
Осы редакция 2008 жылғы 16 мамырдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 70-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1.Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008-2010 жылдарға арналған орта мерзімді фискалдық саясаты бекітілсін.
2.0сы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. МӘСІМОВ |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 29 тамыздағы № 754
қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008-2010 жылдарға арналған орта мерзімді фискалдық саясаты
Кіріспе
1. Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық жағдайын талдау және болжау
2. Орта мерзімді фискалдық саясаттың мақсаттары мен міндеттері
3. Бюджет жүйесін жетілдіру
4. Кірістер саясаты
5. Шығыстар саясаты
6. Бюджеттік кредит беру
7. Бюджетаралық қатынастар
8. Мемлекеттік, мемлекет кепілдік берген және жалпы сыртқы борышты басқару
Кіріспе
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008-2010 жылдарға арналған орта мерзімді фискалдық саясаты (бұдан әрі - Орта мерзімді фискалдық саясат) Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2007 жылғы 28 ақпандағы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына Жолдауын (бұдан әрі - Мемлекет басшысының Жолдауы) ескере отырып, Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 6 ақпандағы №310 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасы, Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының маңызды көрсеткіштерінің және үш жылдық кезеңге арналған мемлекеттік реттеуіштердің болжамы, мемлекеттік және салалық (секторалдық) бағдарламалар мен басқа стратегиялық және бағдарламалық құжаттар негізінде әзірленді.