2008 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы
(Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 1224 Қаулысы (үзінді)
Осы редакция 2008 жылғы 10 маусымдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналардың:
393, 394, 395, 396, 397-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің 2008 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламаларының паспорттары бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
393-ҚОСЫМША
614 - Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
«Жер ресурстарын мемлекеттік басқаруды қамтамасыз ету»
деген 001 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 469822 мың теңге (төрт жүз алпыс тоғыз миллион сегіз жүз жиырма екі мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексінің 14, 144, 145, 146, 147, 148-баптары; «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасы 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңының 3 , 21, 22, 23-баптары; «Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 14 қаңтардағы № 14 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: жер қатынастары, геодезия және картография саласында Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің орталық аппаратына және оның аумақтық органдарына жүктелген функциялардың барынша тиімді орындалуына жету үшін, олардың қызметін қамтамасыз ету.