Введите номер документа
Прайс-лист

«Астана дипломатиялық корпусына қызмет көрсету жөніндегі басқарма» акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 26 маусымдағы № 617 Қаулысы (2015.28.08. берілген өзгерістермен)

Информация о документе
Датачетверг, 26 июня 2008
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего измененияпятница, 28 августа 2015

«Астана дипломатиялық корпусына қызмет көрсету жөніндегі басқарма» акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 26 маусымдағы № 617 Қаулысы

(2015.28.08. берілген өзгерістермен)

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Дипломатиялық корпусқа қызмет көрсету жөніндегі басқарма» акционерлік қоғамының»Астана дипломатиялық корпусына қызмет көрсету жөніндегі басқарма» акционерлік қоғамы еншілес кәсіпорнының акциялары пакетінің 100%-ын республикалық меншікке өтеусіз беру туралы ұсынысына келісім берілсін.

2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті мен Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:

осы қаулының 1-тармағын іске асыру жөніндегі қажетті шараларды жүзеге асырсын;

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне акционерлік қоғам акцияларының мемлекеттік пакетіне иелік ету және пайдалану құқығы берілсін.

3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар енгізілсін:

1) «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):

Акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:

«Астана қаласы» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 21-97-жолмен толықтырылсын:

«21-97 «Астана дипломатиялық корпусына қызмет көрсету жөніндегі басқарма» АҚ»;

2) «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:

көрсетілген қаулыға қосымшада:

«Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 239-2-жолмен толықтырылсын:

«239-2 «Астана дипломатиялық корпусына қызмет көрсету жөніндегі басқарма» АҚ»;

3) ҚР Үкіметінің 2015.28.08. № 683 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)

4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Сравнение редакции
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом