Введите номер документа
Прайс-лист

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 12 маусымдағы № 578 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 18 қыркүйектегі № 861 Қаулысы (күші жойылды)

Информация о документе
Датачетверг, 18 сентября 2008
Статус
Утратил силу
утратил силу с 23 апреля 2017

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 12 маусымдағы № 578 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 18 қыркүйектегі № 861 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 7 сәуірдегі № 183 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Тауарлардың, оның ішінде экспорттық бақылауға жататын өнімнің экспорты мен импортын, сондай-ақ жекелеген тауарлардың импортын автоматты түрде лицензиялау кезіндегі қызметті лицензиялау ережесін, лицензиялау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарын және экспорты мен импорты лицензиялануға тиіс тауарлардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 12 маусымдағы № 578 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:

кіріспедегі «Қазақстан Республикасының» деген сөздерден кейін «Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» 1999 жылғы 16 шілдедегі,» деген сөздермен толықтырылсын;

көрсетілген қаулымен бекітілген Тауарлардың, оның ішінде экспорттық бақылауға жататын өнімнің экспорты мен импортын, сондай-ақ жекелеген тауарлардың импортын автоматты түрде лицензиялау кезіндегі қызметті лицензиялау ережесінде:

1-тармақтағы «Республикасының» деген сөзден кейін «Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» 1999 жылғы 16 шілдедегі,» деген сөздермен толықтырылсын;

2-тармақтың бірінші абзацы «Тауарлардың» деген сөздің алдынан «Лицензиялауды Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті жүзеге асыратын этил спирті мен алкоголь өнімінің импортын қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын.

2. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Документ утратил силу

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом