Введите номер документа
Прайс-лист

«Қазақстан Республикасының шетелдіктердің болуы үшін уақытша жабық аумақтарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 12 желтоқсандағы № 1170 Қаулысы

Информация о документе
Датапятница, 12 декабря 2008
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего измененияпятница, 12 декабря 2008

Қазақстан Республикасының шетелдіктердің болуы үшін уақытша жабық аумақтарының тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 12 желтоқсандағы № 1170 Қаулысы

 

«Мемлекеттік құпиялар туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 15 наурыздағы Заңының 7-бабының 7) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының шетелдіктердің болуы үшін уақытша жабық аумақтарының тізбесі бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасының шетелдіктердің болуы үшін уақытша жабық аумақтарына шетелдіктердің кіруіне Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі және Ішкі істер министрлігі Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетімен келісім бойынша рұқсат береді.

3. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Республикасының шетелдіктердің болуы үшін уақытша жабық аумақтарының тізбесін Қазақстан Республикасында аккредиттелген шетелдік дипломатиялық өкілдіктер мен консулдық мекемелердің назарына жеткізсін.

4. «Қазақстан Республикасының шет ел азаматтарының және азаматтығы жоқ адамдардың келіп-қайтуына уақытша жабық аумақтарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 31 қаңтардағы № 153 қаулысының күші жойылды деп танылсын.

5. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2008 жылғы 12 желтоқсандағы

№ 1170 қаулысымен

бекітілген

 

Қазақстан Республикасының шетелдіктердің болуы үшін уақытша жабық аумақтарының тізбесі

 

1. Жабылатын аумаққа кірмейтін Алматы облысының қалалық үлгідегі Гвардейский кентінің Мәтібұлақ (Рославль) (75016'25; 43033'58), Мәтебұлақ (75015'35; 43036'9) елді мекендерінің және Жамбыл облысының Құлжабасы темір жол разъезінің (75006'04; 43034'18) координата нүктелерімен шектелген аумағы - 2015 жылға дейін;

2. Қызылорда облысының Байқоңыр қаласы, Қармақшы және Қазалы аудандары - 2015 жылға дейін.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом