Введите номер документа
Прайс-лист

«Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 желтоқсандағы № 1243 Қаулысы

Информация о документе
Датасреда, 24 декабря 2008
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего изменениясреда, 24 декабря 2008

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 желтоқсандағы № 1243 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Мыналар құрылсын:

1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің аумақтық органы - мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Алматы қаласының Әділет департаменті Алатау ауданының әділет басқармасы (бұдан әрі - 1-мекеме);

2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің мемлекеттік мекемесі - Алматы қаласы Алатау ауданының халыққа қызмет көрсету орталығы (бұдан әрі - 2-мекеме);

2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) 1-мекеменің ережесін және 2-мекеменің жарғысын бекітуді және олардың әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.

3. Мекемелерді қаржыландыру Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне республикалық бюджетте көзделген қаражат есебінен және шегінде жүзеге асырылады деп белгіленсін.

4. «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 41, 532-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:

1) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерінің тізбесі мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 221-жолмен толықтырылсын:

«221. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Алматы қаласының Әділет департаменті Алатау ауданының әділет басқармасы»;

2) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі:

«Мемлекеттік мекемелер» 2-бөлімі мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 27-1 жолмен толықтырылсын:

«27-1. Алматы қаласы Алатау ауданының халыққа қызмет көрсету орталығы» мемлекеттік мекемесі».

5. Осы қаулы 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом