Введите номер документа
Прайс-лист

«Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қолдау және жылжымайтын мүлік нарығындағы ахуалды тұрақтандыру жөніндегі кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 13 ақпандағы № 148 Қаулысы (2010.13.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

Информация о документе
Датапятница, 13 февраля 2009
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего изменениясреда, 20 октября 2010

Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қолдау және жылжымайтын мүлік нарығындағы ахуалды
тұрақтандыру жөніндегі кейбір шаралар туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 13 ақпандағы № 148 Қаулысы

(2010.13.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009 - 2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қарашадағы № 1085 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған:

1) Жылжымайтын мүлік нарығындағы проблемаларды шешу жөнінде «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы және екінші деңгейдегі банктер арасындағы өзара іс-қимыл туралы келісімнің (бұдан әрі - Келісім);

2) Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін кейіннен кредиттеу үшін екінші деңгейдегі банктерде қаражатты орналастыру туралы «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамы мен екінші деңгейдегі банктер арасындағы Бас келісімнің (бұдан әрі — Бас келісім) жобалары мақұлдансын.

ҚР Үкіметінің 2009.14.04. № 518 Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

2. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы Келісімнің шарттарына сәйкес құрылысты аяқтауды, оның ішінде ипотекалық кредиттеу жолымен қаржыландыру үшін екінші деңгейдегі банктер беретін өтінімдерді қабылдауды қамтамасыз етсін.

3. Қоса беріліп отырған «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамымен Бас келісімнің ережелерінен туындайтын кредиттік шарттар жасасу үшін екінші деңгейдегі банктердің тізбесі мен ақшалай қаражатты орналастыру лимиттері бекітілсін.

4. Жасалатын мәміледе мүдделілігі бар «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамымен шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін кейіннен кредиттеу үшін 120000000000 (бір жүз жиырма миллиард) теңге сомасына оған кредит беру туралы мәміле жасасын.

5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2009 жылғы 13 ақпандағы

№ 148 қаулысымен

мақұлданған

Екінші деңгейдегі банктердің тізбесі және ақшалай қаражатты

орналастыру лимиттері

 

Р/с №

Ұйымның атауы

Қаражатты бөлу лимиттері

(млрд.теңге)

1.

«Қазкоммерцбанк» АҚ

16

2.

«БТА Банкі» АҚ

22

3.

«Қазақстан халық жинақ банкі» АҚ

11,7

4.

«Альянс Банк» АҚ

18

5.

«АТФ Банкі» АҚ

10

6.

«ЦентрКредитБанк» АҚ

10

7.

«Kаsрі Bank» АҚ

6

8.

«Нурбанкі» АҚ

8

9.

«Еуразиялық Банк» АҚ

3

10.

«ЦеснаБанк» АҚ

3,3

11.

«Астана-Финанс Банкі» АҚ

3

12.

«Сбербанкі» АҚ

6

 

Жиыны

117

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Сравнение редакции
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом