Введите номер документа
Прайс-лист

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 сәуірдегі № 319 және 2008 жылғы 2 ақпандағы № 88 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 26 қыркүйектегі № 890 Қаулысы

Информация о документе
Датапятница, 26 сентября 2008
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего измененияпятница, 26 сентября 2008

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 сәуірдегі № 319 және 2008 жылғы 2 ақпандағы № 88
қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 26 қыркүйектегі № 890 Қаулысы

 

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1) «Мемлекет басшысының 2005 - 2007 жылдардағы Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларын іске асыру жөніндегі негізгі бағыттардың (іс-шаралардың) жалпыұлттық жоспарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 — 2009 жылдарға арналған бағдарламасын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 сәуірдегі № 319 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 12, 140-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекет басшысының 2005 - 2007 жылдардағы Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларын іске асыру жөніндегі негізгі бағыттардың (іс-шаралардың) жалпыұлттық жоспарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 — 2009 жылдарға арналған бағдарламасын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарында:

2 және 3-бағандарда:

реттік нөмірі 26-жолда «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» деген сөздер «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жеке кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» деген сөздермен ауыстырылсын;

«қазан», «тамыз» және «қазан» деген сөздер «желтоқсан», «қазан» және «желтоқсан» деген сөздермен ауыстырылсын;

2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2008 жылға арналған жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 2 ақпандағы № 88 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 4, 46-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2008 жылға арналған жоспарында:

реттік нөмірлері 23 және 25-жолдар алынып тасталсын;

мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 36-1 және 55-1-жолдармен толықтырылсын:

«

36-1.

Қазақстан Республикасының

кейбір

заңнамалық актілеріне жеке кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

ИСМ

Мамыр

Маусым

Қазан

А.О.Қосынов

55-1.

Қазақстан Республикасының

кейбір

заңнамалық актілеріне сауда-өнеркәсіп

палаталарының қызметі мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы

ИСМ

Сәуір

Мамыр

Желтоқсан

Е.Қ.Мамытбеков

                                                                                                                                ».

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                 

 

К. Мәсімов

 

 

 

 

 

 

 

 

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом