Введите номер документа
Прайс-лист

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 21 қазандағы № 1577 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 8 мамырдағы № 675 Қаулысы (күші жойылды)

Информация о документе
Датапятница, 8 мая 2009
Статус
Утратил силу
утратил силу с 5 октября 2010

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 21 қазандағы № 1577 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 8 мамырдағы № 675 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2010 жылғы 30 қыркүйектегі № 992 қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Мәдени және гуманитарлық салалардағы қайырымдылық және демеушілік қызметі үшін Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет дипломы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 21 қазандағы № 1577 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 43, 510-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

1) көрсетілген қаулыға қосымшада:

Мәдени және гуманитарлық салалардағы қайырымдылық және демеушілік қызметі үшін Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет дипломын беру жөніндегі комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:

 

Әбдіқалықова

Гүлшара Наушақызы

- Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі, төрағаның орынбасары

 

Сарбасов

Ақмәди Әділұлы

- Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаментінің директоры, хатшы;

 

мына:

 

«Құл-Мұхаммед

Мұхтар Абрарұлы

- Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі, төрағаның орынбасары»

деген жолдағы «, төрағаның орынбасары» деген сөздер алып тасталсын;

көрсетілген құрамнан Кәрібжанова Роза Сәмидоллақызы, Сапарбаев Бердібек Машбекұлы шығарылсын;

2) көрсетілген қаулымен бекітілген Мәдени және гуманитарлық салалардағы қайырымдылық және демеушілік қызметі үшін Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет дипломымен марапаттауға байланысты мәселелерді қарау жөніндегі ережеде:

2-тармақ мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:

«Мәдени және гуманитарлық салалардағы үлесі неғұрлым басым болып табылатын ізденушілерге артықшылық беріледі.»;

6, 8-тармақтарда «Мәдениет және ақпарат» деген сөздер «Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау» деген сөздермен ауыстырылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Документ утратил силу

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом