Введите номер документа
Прайс-лист

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 24 сәуірдегі № 546 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 мамырдағы № 727 Қаулысы (күші жойылды)

Информация о документе
Датапятница, 15 мая 2009
Статус
Утратил силу
утратил силу с 30 июля 2023

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 24 сәуірдегі № 546 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 мамырдағы № 727 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2023 жылғы 13 шілдедегі № 563 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) және аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімияттарының үлгі регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 24 сәуірдегі № 546 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 15, 192-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:

мемлекеттік тілдегі нұсқасының тақырыбында, бүкіл мәтінінде «әкімият» деген сөз тиісті жалғаулары ескеріле отырып, «әкімдік» деген сөзбен ауыстырылсын;

кіріспеде «басқару» деген сөзден кейін «және өзін-өзі басқару» деген сөздермен толықтырылсын;

2-тармақтың үшінші абзацы алып тасталсын;

көрсетілген қаулымен бекітілген Облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімиятының үлгі регламентінде:

3-тармақта «басқару» деген сөзден кейін «және өзін-өзі басқару» деген сөздермен толықтырылсын;

31-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«31. Әкімдіктің және (немесе) әкімнің жалпыға міндетті маңызы бар, азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты актілері Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің аумақтық органдарында мемлекеттік тіркеуге және жергілікті атқарушы органдар айқындаған газеттерде және өзге де мерзімді басылымдарда ресми жариялануға жатады.»;

көрсетілген қаулымен бекітілген Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімиятының үлгі регламентіне:

3-тармақта «басқару» деген сөзден кейін «және өзін-өзі басқару» деген сөздермен толықтырылсын;

31-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«31. Әкімдіктің және (немесе) әкімнің жалпыға міндетті маңызы бар, азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты актілері Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің аумақтық органдарында мемлекеттік тіркеуге және жергілікті атқарушы органдар айқындаған газеттерде және өзге де мерзімді басылымдарда ресми жариялануға жатады.».

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

 

 

 

 

 

Документ утратил силу

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом