Введите номер документа
Прайс-лист

Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы № 827 Жарлығы (2016.11.01. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен) (күші жойылды)

Информация о документе
Датачетверг, 18 июня 2009
Статус
Утратил силу
утратил силу с 5 мая 2018

Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы

Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы

(2016.11.01. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

ҚР Президентінің 2018 жылғы 5 мамырдағы № 681 Жарлығымен күші жойылды

 

Мемлекеттік жоспарлаудың тұтас және тиімді жүйесін қалыптастыру мақсатында қаулы етемін:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі (бұдан әрі - Мемлекеттік жоспарлау жүйесі) бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасының Үкіметі жергілікті атқарушы органдармен және Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдармен бірлесіп 2010 жылғы 1 желтоқсанға дейін қолданыстағы стратегияларды, тұжырымдамаларды, доктриналарды, мемлекеттік, салалық (секторалдық) және өңірлік бағдарламаларды осы Жарлыкқа сәйкес келтірсін.

ҚР Президентінің 2010.04.03. № 931 Жарлығымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

3. Қазақстан Республикасының Үкіметі:

1) Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарын, Елдің аумақтық-кеңістіктік дамуының болжамды схемасын, мемлекеттік бағдарламаларды, аумақтардың даму бағдарламаларын, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын әзірлеу, іске асыру, мониторинг, бағалау және бақылау жүргізу ережесін 2009 жылғы 1 қыркүйекке дейін белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне енгізсін;

2) Әлеуметтік-экономикалық даму, салалық бағдарламалардың болжамын әзірлеу ережесін 2009 жылғы 1 қыркүйекке дейін бекітсін;

3) осы Жарлықтан туындайтын өзге де шаралар қабылдасын.

4. Осы Жарлықтың 2-тармағын іске асыруға байланысты бағдарламаларды әзірлеуді қоспағанда, Қазақстан Республикасында Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары бекітілгенге дейін мемлекеттік, салалық бағдарламаларды, аумақтардың даму бағдарламаларын әзірлеуге тыйым салу енгізілсін.

5. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

6. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 

 

Қазақстан Республикасы

Президенті

 

Н. Назарбаев

 

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Сравнение редакции
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом