Введите номер документа
Прайс-лист

«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлерінің «5547 әскери бөлімі» мемлекеттік мекемесін құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 12 маусымдағы № 894 Қаулысы

Информация о документе
Датапятница, 12 июня 2009
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего измененияпятница, 12 июня 2009

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлерінің «5547 әскери бөлімі» мемлекеттік мекемесін құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 12 маусымдағы № 894 Қаулысы

 

Құқық бұзушылықтардың алдын алу деңгейін арттыру және азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін тиісінше қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қызылорда қаласында орналастыра отырып, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлерінің «5547 әскери бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Мекеме) құрылсын.

2. Мекемені қаржыландыру 2009 жылға арналған республикалық бюджетте 004 «Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша ішкі әскерлердің қызметтері» бюджеттік бағдарламасы бойынша көзделген қаражат шегінде жүргізіледі деп белгіленсін.

3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) Мекеменің штат санын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлерінің құрамалары мен бөлімдері штат санының лимиті шегінде белгіленсін;

2) Мекеменің жарғысын бекітсін және оны әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін;

3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

4. Қызылорда облысының әкімі заңнамада белгіленген тәртіппен Мекемені орналастыруға арналған ғимараттар мен құрылыстарды Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне беру жөнінде шаралар қабылдасын.

5. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 25, 311-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:

«1. Мемлекеттік мекемелер» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 64-1-жолмен толықтырылсын:

«64-1. 5547 әскери бөлімі.».

5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом