Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 7 ақпандағы № 115 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 17 маусымдағы № 930 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 2 желтоқсандағы № 765 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасының қорғаныс өнеркәсібі кешенін мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру жөніндегі қосымша шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 7 ақпандағы № 115 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) көрсетілген қаулыға қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
2) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы қорғаныс өнеркәсібі кешенінің мәселелері жөніндегі комиссия туралы ережеде:
1-тармақта «қоса алғанда,» деген сөздерден кейін «әскери-техникалық саясатты іске асыруға және» деген сөздермен толықтырылсын, «мәселелер» деген сөз «қорғанысты қамтамасыз ету мәселелері» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) Қазақстан Республикасының өзіндік, сондай-ақ сыртқы саяси, экономикалық және әскери мүдделерін негізге ала отырып, қорғанысты қамтамасыз ету мүддесінде Қазақстан Республикасының әскери-техникалық саясатын іске асыру, ҚӨК-ті дамыту және оны мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу, оның ішінде: әскери-техникалық қамтамасыз ету, ҚӨК-ті, ғылым мен технологияны дамыту саласындағы тұжырымдамаларды, бағдарламалар мен жоспарларды қарау;»;
4-тармақ мынадай мазмұндағы 3), 4), 5), 6), 7) және 8) тармақшалармен толықтырылсын:
«3) мемлекеттік органдар мен ҚӨК ұйымдарының қорғанысты қамтамасыз ету мүддесінде орындалатын мемлекеттік қорғаныс тапсырысын, бағдарламалар мен жоспарларды қалыптастыру жөніндегі іс-қимылдарының келісімді болуын қамтамасыз ету жөнінде ұсыныстар тұжырымдау;
4) республикалық бюджет бағдарламалары бөлінісінде әскери және қосарлы мақсаттағы өнімдерді қаржыландыру көлемдері мен олардың номенклатурасы бойынша мемлекеттік органдардың, сондай-ақ қару-жарақтың, әскери және арнайы техниканың қазіргі заманғы үлгілерін жасауға байланысты ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық және технологиялық жұмыстар мен инновациялық жобаларға мемлекеттік тапсырыс берушілердің бюджеттік өтінімдерінің жобалары бойынша ұсыныстар тұжырымдау;
5) қорғанысты және бағдарламалардың жобаларын, мемлекеттік қорғаныс тапсырысының негізгі көрсеткіштерін қамтамасыз етуге жұмсалатын шығыстарды қаржыландыру көлемдері бойынша ұсыныстар тұжырымдау;
6) қару-жарақты, әскери және арнайы техниканы әзірлеуге, сатып алуға, жөндеуге, жаңғыртуға және кәдеге жаратуға жұмсалатын шығыстарды, қорғанысты қамтамасыз ету мүддесінде орындалатын бағдарламаларды қаржыландыру жөнінде ұсыныстар тұжырымдау;
7) Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізудің алдында мемлекеттік қорғаныс тапсырысының жобасы бойынша ұсыныстар тұжырымдау және оның орындалу қорытындыларын қарау;
8) қорғанысты, құқықтық тәртіпті және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мүддесінде қару-жарақ, әскери және арнайы техника жасау және шығару, сондай-ақ ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар жөнінде ұсыныстар тұжырымдау болып табылады.»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Комиссияның:
1) белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен, Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің және Сенатының, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің, Жоғарғы сотының, Бас прокуратурасының аппараттарымен, орталық және жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимыл жасауға;
2) қару-жарақ, әскери және арнайы техника жасауға, өндіруге, жөндеуге, жаңғыртуға және кәдеге жаратуға, осы саладағы бағдарламалар мен жоспарларды орындауға байланысты мәселелер бойынша, сондай-ақ Комиссияның құзыретіне кіретін басқа да мәселелер бойынша мемлекеттік органдардың өкілдерін, ҚӨК ұйымдарының басшыларын тыңдауға;
3) мемлекеттік органдардан, сондай-ақ ҚӨК ұйымдарынан Комиссияға жүктелген міндеттерді шешу үшін қажетті ақпаратты, құжаттар мен материалдарды сұратуға;
4) қажет болған кезде Комиссияның құзыретіне жататын жекелеген мәселелерді қарау және олар бойынша ұсыныстар дайындау үшін жұмыс топтарын құруға құқығы бар.».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 17 маусымдағы
№ 930 қаулысына
Қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 7 ақпандағы
№ 115 қаулысына
Қосымша
Қазақстан Республикасы қорғаныс өнеркәсібі кешенінің
мәселелері жөніндегі комиссияның құрамы
| Мәсімов Кәрім Қажымқанұлы | - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, төраға |
| Ахметов Серік Нығметұлы | - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, төрағаның орынбасары |
| Ыбыраев Азамат Болатұлы | - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі Басшысының орынбасары, хатшы |
| Ахметов Даниал Кенжетайұлы | - Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі |
| Баймағанбетов Серік Нұртайұлы | - Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі |
| Божко Владимир Карпович | - Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі |
| Исекешев Әсет Өрентайұлы | - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрі |
| Сұлтанов Бақыт Тұрлыханұлы | - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі |
| Түсіпбеков Рашид Төлеутайұлы | - Қазақстан Республикасының Әділет министрі |
| Нұриманов Мақсұт Әнуарбекұлы | - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары (келісім бойынша) |
| Жылқайдаров Нұрлан Базаргелдіұлы | - Қазақстан Республикасы Республикалық ұланы қолбасшысының орынбасары (келісім бойынша) |
| Оразқұлов Қанат Орынтайұлы | - Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі бастығының орынбасары (келісім бойынша) |
| Келімбетов Қайрат Нематұлы | - «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша) |
| Ноғаев Аюхан Төлеутайұлы | - «Қазақстан инжиниринг» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының президенті (келісім бойынша) |