Қазақстан Республикасының Заңы
Мемлекеттік сатып алу туралы
(2009.05.05. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2009 жылғы 10 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
2009.04.05 № 156-ІV ҚР Заңы (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі)
Осы Заң мемлекеттік сатып алу жүйесі субъектілерінің арасында мемлекеттік сатып алу саласындағы қызметті олардың жүзеге асыруы процесінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді.
1-тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі
Ұғымдар
2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) дауыс беретін акцияларының (үлестерінің) елу және одан астам проценті мемлекетке тиесілі заңды тұлғалардың аффилиирленген тұлғалары - акцияларының (үлестерінің) елу проценттен астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғаларға акцияларының (үлестерінің) елу проценттен астамы тікелей не жанама түрде тиесілі болатын заңды тұлғалар. Жанама тиесілілік әрбір келесі аффилиирленген тұлғаға өзге заңды тұлғаның акцияларының (үлестерінің) елу проценттен астамы тиесілі болатынын білдіреді;