Введите номер документа
Прайс-лист

«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Қазақ ұлттық музыка академиясы» мемлекеттік мекемесін қайта атау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 12 қазандағы № 1560 Қаулысы (2022.19.08. берілген өзгерістермен)

Информация о документе
Датапонедельник, 12 октября 2009
Статус
Действующийвведен в действие с 12 октября 2009
Дата последнего измененияпятница, 19 августа 2022

«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің
«Қазақ ұлттық музыка академиясы» мемлекеттік мекемесін қайта атау туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 12 қазандағы № 1560 Қаулысы

(2022.19.08. берілген өзгерістермен)

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Қазақ ұлттық музыка академиясы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Қазақ ұлттық өнер университеті» мемлекеттік мекемесі болып қайта аталсын.

2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.

4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

к. мәсімов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2009 жылғы 12 қазандағы

№ 1560 қаулысымен

бекітілген

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне

енгізілетін өзгерістер

 

1. «Жекешелендіруге жатпайтын мемлекеттік жоғары оқу орындарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 6 шілдедегі № 1021 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 28, 339-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген жекешелендіруге жатпайтын мемлекеттік жоғары оқу орындарының тізбесінде:

реттік нөмірі 25-жол жаңа редакцияда жазылсын:

«25

 

«Қазақ ұлттық өнер университеті» мемлекеттік мекемесі

Астана қаласы».

2. ҚР Үкіметінің 2022.19.08. № 581 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)

3. «Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 қаулысында:

көрсетілген қаулымен бекітілген министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерінде:

12-бөлімде:

«

Қазақ ұлттық музыка академиясы

274*

»

деген жол жаңа редакцияда жазылсын:

«

Қазақ ұлттық өнер университеті

274*

».

4. «Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында (Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің білім беру ұйымдарында мамандар даярлауды қоспағанда) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі, сондай-ақ техникалық және кәсіптік білімі бар мамандар даярлауға 2009/2010 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 13 мамырдағы № 704 қаулысында:

көрсетілген қаулымен бекітілген республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында техникалық және кәсіптік білімі бар мамандар даярлауға 2009/2010 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысында:

«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мемлекеттік мекемелерінде техникалық және кәсіптік білімі бар мамандар даярлауға 2009/2010 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы» деген бөлімде:

«Қазақ ұлттық музыка академиясы» деген жол жаңа редакцияда жазылсын:

«Қазақ ұлттық өнер университеті».

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Сравнение редакции
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом