Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 7 ақпандағы № 115 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 мамырдағы № 455 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 2 желтоқсандағы № 765 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасының қорғаныс өнеркәсібі кешенін мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру жөніндегі қосымша шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 7 ақпандағы № 115 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1) Қазақстан Республикасы қорғаныс өнеркәсібі кешенінің мәселелері жөніндегі комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:
| Жақсыбеков Әділбек Рыскелдіұлы | - Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі, төрағаның орынбасары, |
| Елемесов Омархан Көптілеуұлы | - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Әскери-техникалық саясат департаменті бастығының міндетін уақытша атқарушы, хатшы, |
| Айтжанова Жанар Сейдахметқызы | - Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министрі, |
| Жәмішев Болат Бидахметұлы | - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі, |