Введите номер документа
Прайс-лист

«Мемлекет басшысының 2010 жылғы 29 қаңтардағы «Жаңа он жылдық - жаңа экономикалық өрлеу Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасының Президентінің 2010 жылғы 17 ақпандағы № 925 Жарлығы

Информация о документе
Датасреда, 17 февраля 2010
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего изменениясреда, 17 февраля 2010

Қазақстан Республикасының Президентінің
Жарлығы
 
Мемлекет басшысының 2010 жылғы 29 қаңтардағы «Жаңа он жылдық - жаңа экономикалық өрлеу Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

 

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қоса беріліп отырған Мемлекет басшысының 2010 жылғы 29 қаңтардағы «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Жалпыұлттық жоспар) бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасының Үкіметі:

1) Жалпыұлттық жоспар іс-шараларының мүлтіксіз және уақтылы орындалуын, сондай-ақ Мемлекет басшысының 2010 жылғы 29 қаңтардағы «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауының қағидалары бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүйелі негізде жүргізуді қамтамасыз етсін;

2) жыл сайын жарты жылдың және жылдың қорытындылары бойынша 25 қаңтарға және 25 шілдеге Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне Жалпыұлттық жоспардың орындалу барысы туралы ақпарат ұсынсын.

3. Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың, орталық және жергілікті атқарушы органдардың, басқа да мемлекеттік органдардың бірінші басшылары Жалпыұлттық жоспардың іс-шараларының мүлтіксіз және уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін.

4. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

5. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Президенті 

 

Н. Назарбаев

 

Астана, Ақорда, 2010 жылғы ақпанның 17-і.

 

№ 925

 

Қазақстан Республикасы

Президентінің

2010 жылғы 17 ақпандағы

№ 925 Жарлығымен

БЕКІТІЛГЕН

 

 

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом