Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы № 393 бұйрығы
(2025.02.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Қаржы министрінің 2025 жылғы 28 мамырдағы № 261 бұйрығымен күшi жойылды
ҚР Қаржы министрінің 2015.20.11. № 577 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 116-бабының 4-тармағына сәйкес бұйырамын:
ҚР Қаржы министрінің 2015.20.11. № 577 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидалары бекітілсін.
ҚР Қаржы министрінің 2025.14.02. № 70 бұйрығымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2025 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп, аудит және бағалау әдіснамасы департаменті осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және заңнамада белгіленген тәртіппен ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2010 жылғы 3 тамыздағы
№ 393 бұйрығымен бекітілген
ҚР Қаржы министрінің 2015.20.11. № 577 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу
қағидалары
1-бөлім. Жалпы ережелер
ҚР Қаржы министрінің 2020.21.07. № 684 бұйрығымен 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1-тарау. Жалпы ереже
ҚР Қаржы министрінің 2015.20.11. № 577 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2017.03.05. № 289 бұйрығымен (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда