Введите номер документа
Прайс-лист

2007 жылғы 6 қазандағы Кеден одағының комиссиясы туралы шартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттама (Мәскеу., 2010 жылғы 9 желтоқсанда)

Информация о документе
Датачетверг, 9 декабря 2010
Статус
Действующийвведен в действие с 9 декабря 2010
Дата последнего изменениячетверг, 9 декабря 2010

2007 жылғы 6 қазандағы Кеден одағының комиссиясы туралы шартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

хаттама
(Мәскеу., 2010 жылғы 9 желтоқсанда)

 

ҚР 2011 жылғы 9 қарашадағы № 489-ІV Заңымен ратификацияланды

 

Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы,

2007 жылғы 6 қазандағы Кеден одағының комиссиясы туралы шарттың (бұдан әрі - Шарт) 15-бабына сәйкес,

төмендегілер туралы келісті:

 

 

1-бап

 

Шарттың 6-бабы мынадай редакциядағы оныншы абзацпен толықтырылсын:

«Кеден одағының және оның органдарының тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында Комиссия жеке мәселелер бойынша Кеден одағына мүше мемлекеттердің ұсыныстарын қарау және ұстанымдарын келісу, сондай-ақ Комиссияға тиісті ұсынымдар әзірлеу үшін үйлестіруші және консультативтік органдар құруға құқылы.».

 

 

2-бап

 

Шарттың 8-бабы мынадай редакцияда жазылсын:

«8-бап

Комиссияның міндетті сипаты бар шешімдері ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң күшіне енеді, ал жедел реттеуді талап ететін ерекше жағдайларда Комиссия шешімінде оның күшіне енуінің өзге, бірақ мұндай шешімнің ресми жариялану күнінен бұрын болмайтын мерзімі көрсетілуі мүмкін.».

 

 

3-бап

 

Осы Хаттаманы түсіндіруге және (немесе) қолдануға байланысты Тараптар арасындағы даулар мүдделі Тараптардың  консультациялары мен келіссөздері арқылы шешіледі, ал келісімге қол жеткізілмеген жағдайда, дау Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Сотына қарауға беріледі.

 

 

4-бап

 

Осы Хаттама ратификациялауға жатады және қол қойылған күнінен бастап уақытша қолданылады.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом