«Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Ұлттық талдамалық орталық» акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 желтоқсандағы № 1358 Қаулысы
(2012.19.03. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен «Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Ұлттық талдамалық орталық» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Қоғам) акцияларының мемлекеттік пакетін «Назарбаев Университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамның (бұдан әрі - Университет) жарғылық капиталын төлеуге беруді қамтамасыз етсін.
2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі:
Университетпен бірлесіп, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қоғамды қайта атауды қамтамасыз етсін;
осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 14 желтоқсандағы
№ 1358 қаулысымен
бекітілген