Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 9 наурыздағы № 181 қаулысына толықтыру мен өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 22 желтоқсандағы № 1399 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 31 мамырдағы № 318 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау жөнінде комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 9 наурыздағы № 181 қаулысына мынадай толықтыру мен өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия туралы ережеде:
5-тармақтың 3) тармақшасында «мемлекеттік органдардың мамандарын» деген сөздерден кейін «, тәуелсіз сарапшыларды, халықаралық ұйымдардың өкілдерін, зияткерлік меншік объектілеріне құқық иеленушілерді және ғалымдарды» деген сөздермен толықтырылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның құрамы осы қаулының қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К.Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 1399 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 9 наурыздағы
№ 181 қаулысымен
бекітілген
Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның
құрамы
Түсіпбеков Рашид Төлеутайұлы | - Қазақстан Республикасының Әділет министрі, төраға |
Аманбаев Әмірхан Тапашұлы | - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің орынбасары, төрағаның орынбасары |
Кәкен Гүлнәра Қаратайқызы | - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Зияткерлік меншік құқығы комитеті авторлық және сабақтас құқықтар саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру басқармасының бастығы, хатшы |
Дауылбаев Асхат Қайзоллаұлы | - Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары (келісім бойынша) |