Введите номер документа
Прайс-лист

Ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдаудың бірыңғай қағидалары туралы келісім (Мәскеу қ., 2010 жылғы 9 желтоқсанда) (күші жойылды)

Информация о документе
Датачетверг, 9 декабря 2010
Статус
Утратил силу
утратил силу с 11 января 2015

Ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдаудың бірыңғай қағидалары туралы
келісім
(Мәскеу қ., 2010 жылғы 9 желтоқсанда)

 

Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың күшіне енуіне байланысты қолданылуы тоқтатылды

 

ҚР 2011 жылғы 22 шілдедегі № 474-ІV Заңымен ратификацияланды

2012 жылғы 1 қаңтарда күшіне енді

 

Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Беларусь Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі,

1995 жылғы 20 қаңтардағы Кеден одағы туралы келісімді, 1999 жылғы 26 ақпандағы Кеден одағы және Біртұтас экономикалық кеңістік туралы шартты, 2007 жылғы 6 қазандағы Бірыңғай кеден аумағын құру және кеден одағын қалыптастыру туралы шартты негізге ала отырып,

ауыл шаруашылығы өнімі саудасының өзара тиімді, әділ және нарыққа бағдарланған жүйесін одан әрі дамытудың қажеттілігін сезіне отырып,

Тараптар мемлекеттерінің Бірыңғай экономикалық кеңістігін құру мақсатында,

Дүниежүзілік сауда ұйымына қосылу кезінде Кеден одағына қатысушы мемлекеттер позицияларының келісімділігін қамтамасыз ету мақсатында,

жалпыға бірдей танылған халықаралық құқық қағидаттарын басшылыққа ала отырып,

төмендегілер туралы келісті:

 

 

1-бап. Келісімнің мәні

 

1. Осы Келісімнің мәні ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді мемлекеттік қолдауды жүзеге асыру қағидаларын белгілеу болып табылады.

2. Осы Келісім Тараптар мемлекеттерінің аумақтарында әрекет етеді және осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын 1-қосымшада санамаланған тауарларға (бұдан әрі - ауыл шаруашылығы тауарлары) қатысты қолданылады.

 

 

2-бап. Анықтамалар

 

Осы Келісімнің мақсаттары үшін мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) әкімшілік-аумақтық бірліктер - Ресей Федерациясынын субъектілері және/немесе Беларусь Республикасы мен Қазақстан Республикасының облыстары (Минск, Астана және Алматы қалаларын қоса алғанда);

2) ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау - ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге тікелей немесе уәкілетті агент арқылы үкімет немесе өзге мемлекеттік билік органы көрсететін қаржылық көмек.

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом