Введите номер документа
Прайс-лист

«Қол қою парақтары мен азаматтардың қолдарын жинау нәтижелері жөніндегі қорытынды хаттамаларды сақтаудың тәртібі мен мерзімдері туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2011 жылғы 13 қаңтардағы № 14/19 Қаулысы

Информация о документе
Датачетверг, 13 января 2011
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего изменениячетверг, 13 января 2011

Қол қою парақтары мен азаматтардың қолдарын жинау нәтижелері жөніндегі қорытынды хаттамаларды
сақтаудың тәртібі мен мерзімдері туралы
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2011 жылғы 13 қаңтардағы № 14/19 Қаулысы

 

«Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 16-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы қаулы етеді:

1. Қазақстан Республикасының республикалық референдумға қатысу құқығы бар, республикалық референдум тағайындау туралы бастамашылық білдірген азаматтары қолдарының растығын тексеру нәтижелері туралы аумақтық сайлау комиссияларының қорытынды хаттамалары мен Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының қорытынды хаттамасы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясында тұрақты сақтаулы болады.

2. Республикалық референдум тағайындау туралы бастамашылықпен тілек білдіруші, республикалық референдумға қатысу құқығы бар Қазақстан Республикасы азаматтарының қол қою парақтары Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясында құпия ақпарат негізінде референдумның бастамашы тобынан құжаттар алынған күннен бастап үш ай бойы сақталады, ал кейіннен осы қаулыға қосымшаға сай акт бойынша жойылады.

Жою өртеу, балқыту, 2,5 шаршы сантиметрден аспайтын мөлшерде майдалап бөлшектеу, ұсақтау, еріту немесе химиялық ыдырату, қалыпсыз массаға немесе ұнтақ күйге айналдыру арқылы жүргізіледі.

3. Осы қаулы оның ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом