Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 13 желтоқсандағы № 1265 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 28 желтоқсандағы № 1430 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 31 қазандағы № 870 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 13 желтоқсандағы № 1265 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 46, 520-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелердің тізбесі осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 1430 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2003 жылғы 13 желтоқсандағы
№ 1265 қаулысымен
бекітілген
Сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелердің
тізбесі
| Р/с № | Облыстар бойынша объектілердің атауы |
| 1 | 2 |
| | 1. Топтық жүйелер |
| | Ақмола облысы |
| 1. | Көкшетау өнеркәсіп су құбыры |
| 2. | Нұра топтық су құбыры |
| | Алматы облысы |
| 3. | Бозой топтық су құбыры |
| | Атырау облысы |
| 4. | «Атырау - Мақат» топтық су құбыры |
| 5. | Индер - Миялы топтық су құбыры |
| 6. | Қоянды топтық су құбыры |
| 7. | «Құлсары - Тұрғызба - Шоқпартоғай - Аққызтоғай» топтық су құбыры |
| 8. | «Миялы - Жангелдин - Жасқайрат» топтық су құбыры |
| | Батыс Қазақстан облысы |
| 9. | Каменский топтық су құбыры |
| 10. | Орда топтық су құбыры |
| 11. | «Сырым» топтық су құбыры |
| 12. | Шыңғырлау топтық су құбыры |
| 13. | «Қазталов - Әжбай» топтық су құбыры |
| | Қарағанды облысы |