Введите номер документа
Прайс-лист

«Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың халыққа Жолдауы (Астана қ., 2011 жылғы 28 қаңтар)

Информация о документе
Датапятница, 28 января 2011
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего измененияпятница, 28 января 2011

Болашақтың іргесін бірге қалаймыз
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың халыққа Жолдауы
(Астана қ., 2011 жылғы 28 қаңтар)

 

Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың жалпыұлттық жоспарын қараңыз

 

Қадірлі отандастар!

Құрметті депутаттар мен Үкімет мүшелері!

Ханымдар мен мырзалар!

 

Биыл - біз үшін ерекше қастерлі жыл.

Біз ел тәуелсіздігінің 20 жылдығына қадам бастық.

Бодан жұртты бүгінгідей бостан күнге жеткізген бұл жолда біз биік белестерді бағындырдық.

Естеріңізде болар, 1997 жылғы халыққа алғашқы Жолдауымда мен былай деген едім:

«2030 жылы біздің ұрпақтарымыз бұдан былай әлемдік оқиғалардың қалтарысында қалып қоймайтын елде өмір сүретін болады».

Осы сөздерге кезінде күмән келтіргендер аз болған жоқ.

Дегенмен, діттеген бұл межеге біз 33 жылда емес, бір мүшел  жастың өзінде жеттік!

Күні кеше Астанада 56 елдің басшылары мен халықаралық ұйым өкілдерінің басын қосқан Саммит - соның айшықты айғағы.

Жұлдызымызды жарқырата түскен бұл мерейлі белестен бұрын да біз біршама биіктерді бағындырдық.

Біз талайлы заманда тарыдай шашылып кеткен қандастарын атамекенге жинаған әлемдегі үш елдің бірі болдық.

Осы жылдары шет елдерден 800 мыңнан астам отандасымыз келіп, халық саны бір жарым миллионға артты.

Біз Сарыарқаның сайын даласына сәулеті мен дәулеті келіскен Астана салдық.

Есілдің жағасына серпінді дамуымыздың символы болған еңселі Елорда қондырдық.

Халқы тату-тәтті, саясаты сарабдал елдің ғана қазынасы қыруар, болашағы баянды болады.

Қазақстанның халықаралық резерві бүгінде 60 миллиард долларға жуық қаржыны құрайды.

Ырыс - ынтымаққа жолығады, дәулет - бірлікпен толығады.

Тәуелсіздік жылдарында ел экономикасына 120 миллиард доллардан астам шетелдік инвестиция тартылды.

Сонымен қатар біз әлемнің 126 еліне 200-ден астам өнім түрін шығарамыз.

Бүгінде ұлттық дәулетіміздің үштен бір бөлігі шағын және орта бизнестен құралады.

Ауыл шаруашылығы саласы да дамып келеді.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом