Введите номер документа
Прайс-лист

«Самұрық-Қазына ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының 2009 жылғы жылдық қаржылық (шоғырландырылған және жеке) есептілігін бекіту, 2009 жыл үшін жай акциялар бойынша дивидендтер төлеу және «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының бір жай акциясына шаққандағы 2009 жылғы дивидендтің мөлшері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 сәуірдегі № 354 Қаулысы

Информация о документе
Датапонедельник, 4 апреля 2011
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего измененияпонедельник, 4 апреля 2011

«Самұрық-Қазына ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының 2009 жылғы жылдық қаржылық (шоғырландырылған және жеке) есептілігін бекіту, 2009 жыл үшін жай акциялар бойынша дивидендтер төлеу және «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының бір жай акциясына шаққандағы 2009 жылғы дивидендтің мөлшері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 сәуірдегі № 354 Қаулысы

 

«Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 13 ақпандағы Заңының 9-бабы 3-тармағының 2) және 10) тармақшаларына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының 2009 жылғы жылдық қаржылық (шоғырландырылған және жеке) есептілігі бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 23, мекенжайында орналасқан, деректемелері: салық төлеушінің тіркеу нөмірі (СТН) 620200333937, жеке сәйкестендіру коды (ЖСК) KZ456010111000026976, «Қазақстанның халық банкі» акционерлік қоғамындағы банктік сәйкестендіру коды (БСК) HSBKKZKX, Астана қаласы, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының (бұдан әрі - Қор) жай акциялары бойынша дивидендтерді төлеу 7 056 000 000 (жеті миллиард елу алты миллион) теңге мөлшерінде жүзеге асырылсын.

3. Қордың бір жай акциясына шаққандағы 2009 жылғы дивидендтің мөлшері - 2 (екі) теңге 3 (үш) тиын болып бекітілсін.

4. Осы қаулыға қол қойылған күн дивидендтерді төлеудің басталған күні деп белгіленсін.

5. Дивидендтерді төлеу 10 (он) жұмыс күні ішінде 201301 бюджеттік жіктеу коды бойынша республикалық бюджетке қолма-қол ақшасыз аудару жолымен ақшалай нысанда жүргізілсін.

6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2011 жылғы 4 сәуірдегі

№ 354 қаулысымен

бекітілген

 

 

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом