«Мұнай-газ және энергетика салаларын дамыту жөнінде ведомствоаралық комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 тамыздағы № 725 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 мамырдағы № 598 Қаулысы
ҚР Yкiметiнiң 2017 жылғы 9 маусымдағы № 357 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Мұнай-газ және энергетика салаларың дамыту жөнінде ведомствоаралық комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 тамыздағы № 725 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін;
көрсетілген қаулымен бекітілген Мұнай-газ және энергетика салаларын дамыту жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 30 мамырдағы
№ 593 қаулысына қосымша
Қазақстан Решубликасы
Үкіметінің
2007 жылғы 21 тамыздағы
№ 725 қаулысымен бекітілген
Мұнай-газ және энергетика салаларын дамыту жөніндегі ведомствоаралық комиссияның
құрамы
Мәсімов Кәрім Қажымқанұлы | - Қазақстан Республикасының Премьер-министрі, төраға |
Мыңбаев Сауат Мұсаметбайұлы | - Қазақстан Республикасының Мұнай және газ министрі, төрағаның орынбасары |
Толымбаев Берік Зиябекұлы | - Қазақстан Республикасының Мұнай және газ вице-министрі, хатшы |
Исекешев Әсет Өрентайұлы | - Қазакстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрі |
Әбдіқалықова Гүлшара Наушақызы | - Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік корғау министрі |
Әшім Нұрғали Сәдуақасұлы | - Казақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрі |
Жәмішев Болат Бидахметұлы | - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |