Введите номер документа
Прайс-лист

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2011.31.03 № 335 ҚАУЛЫСЫ

Информация о документе
Датапонедельник, 1 января 0001
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего измененияпонедельник, 1 января 0001

Мемлекеттік органдардың аппаратын және ерекше үй-жайларын орналастыруға арналған алаңдар нормалары
мен телефон байланысын пайдалану үшін тиесілілік нормалары және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір
шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 335 Қаулысы

 

Осы редакция 2011 жылғы 2 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 69-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған:

1) мемлекеттік органдардың аппаратын орналастыруға арналған алаңдар нормалары;

2) мемлекеттік органдардың ерекше үй-жайларына арналған алаңдар нормалары;

3) телефон байланысын пайдалану үшін тиесілілік нормалары;

4) Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

2. Осы қаулыны іске асыру тиісті кезеңге арналған республикалық және жергілікті бюджеттерде көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылсын.

3. Бюджет қаражаты есебінен ұялы телефондарды сатып алуға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенті Күзет қызметінің күзетілетін адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі күзету іс-шараларында пайдаланылатын стационарлық ұялы терминалдарынан шалынған қоңырауларды қоспағанда, ұялы телефоннан шалынған қоңырауларға ақы төлеуге жол берілмейді.

4. Осы қаулымен бекітілген мемлекеттік органдардың аппаратын және ерекше үй-жайларын орналастыруға арналған алаңдар нормалары мемлекеттік органдардың аппаратын орналастыру үшін жаңа объектілерді жобалау мен салу кезінде міндетті болып белгіленсін.

5. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардың аппаратын ұстауға арналған қаражаттың жұмсалуын бақылауды қамтамасыз етсін.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом