Введите номер документа
Прайс-лист

«Парасат» ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі» акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 19 шілдедегі № 832 Қаулысы (күші жойылды)

Информация о документе
Датавторник, 19 июля 2011
Статус
Утратил силу
утратил силу с 8 февраля 2013

«Парасат» ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі» акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 19 шілдедегі № 832 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 28 қаңтардағы № 48 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Парасат» ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі» акционерлік қоғамы одан жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Ғылым» акционерлік қоғамын (бұдан әрі - Қоғам) бөлу жолымен қайта ұйымдастырылсын.

2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен «Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы» мен «Ғылым қоры» акционерлік қоғамдарының акцияларын Қоғамның орналастыратын акцияларын төлеуге беру арқылы Қоғамның жарғылық капиталын қалыптастыруды қамтамасыз етсін.

3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп Қоғамның жарғысын бекітсін және оның Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;

2) Қоғам акцияларының пакетін иелену және пайдалану құқығын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитетіне берсін.

4. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.

5. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар бекітілсін.

6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2011 жылғы 19 шілдедегі

№ 832 қаулысымен

бекітілген

 

 

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом