«Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 қыркүйектегі № 1122 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 Қаулысымен 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 51, 648-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 15 және 238-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;
көрсетілген қаулыға 19-қосымшада:
реттік нөмірі 12-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
12. | | Біліктілік санаты үшін қосымша ақы | | Қосымша ақы қызметкерлерді аттестаттау нәтижелерінің негізінде уәкілетті орталық мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен айқындалады |
1) | Басшыларға, басшылардың орынбасарларына, құрылымдық бөлімшелердің (клиникалық бөлімшелерді қоспағанда) басшыларына денсаулық сақтауды ұйымдастыру жөніндегі санаты үшін: жоғары санаттағы бірінші санаттағы екінші санаттағы | | БЛЖ-дан 120% БЛЖ-дан 90% БЛЖ-дан 70% | |
2) | Клиникалық бөлімшелердің меңгерушілеріне: жоғары санаттағы бірінші санаттағы екінші санаттағы | | БЛЖ-дан 150% БЛЖ-дан 120% БЛЖ-дан 100% | |
3) | Біліктілік деңгейі жоғары мамандарға: дәрігерлік медициналық персоналға: жоғары санаттағы бірінші санаттағы екінші санаттағы | | БЛЖ-дан 150% БЛЖ-дан 120% БЛЖ-дан 100% | |