Введите номер документа
Прайс-лист

«Бақылау-кассалық машиналардың мемлекеттік тізіліміне енгізу үшін компьютерлік жүйенің техникалық талаптарға сәйкестігі туралы қорытындыны беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 қарашадағы № 1265 Қаулысы (2013.15.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (күші жойылды)

Информация о документе
Датавторник, 1 ноября 2011
Статус
Утратил силу
утратил силу с 8 сентября 2016

Бақылау-кассалық машиналардың мемлекеттік тізіліміне енгізу үшін компьютерлік жүйенің техникалық талаптарға сәйкестігі туралы қорытындыны беру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 қарашадағы № 1265 Қаулысы

(2013.15.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 22 тамыздағы № 475 Қаулысымен күші жойылды

 

«Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 5-бабының 19-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Бақылау-кассалық машиналардың мемлекеттік тізіліміне енгізу үшін компьютерлік жүйенің техникалық талаптарға сәйкестігі туралы қорытындыны беру қағидалары бекітілсін.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2011 жылғы 1 қарашадағы

№ 1265 қаулысымен

бекітілген

 

 

Бақылау-кассалық машиналардың мемлекеттік тізіліміне енгізу үшін компьютерлік жүйенің техникалық

талаптарға сәйкестігі туралы қорытынды беру

қағидалары

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Бақылау-кассалық машиналардың мемлекеттік тізіліміне енгізу үшін компьютерлік жүйенің техникалық талаптарға сәйкестігі туралы қорытындыны беру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органның бақылау-кассалық машиналардың мемлекеттік тізіліміне (бұдан әрі - Мемлекеттік тізілім) енгізу үшін компьютерлік жүйе (бұдан әрі - КЖ) болып табылатын бақылау-кассалық машиналардың техникалық талаптарға сәйкестігі туралы қорытындыны беру тәртібін айқындайды.

2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - ақпараттандыру және «электрондық үкімет» саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Сравнение редакции
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом