Қазақстан Республикасының
Заңы
Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде
орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы
(2009.12.02. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2011 жылғы 28 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Заңды іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық кесімдердің тізбесін қара
Түпнұсқада мазмұны жоқ
2009.12.02. № 133-IV ҚР Заңымен кіріспе өзгертілді (бұр.ред.қара)
Осы Заң депозиторлар - жеке тұлғалардың құқықтарын қорғауға бағытталған және ол, талап етуге дейінгі процентсіз депозиттерді және ислам банктерінде орналастырылған инвестициялық депозиттерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесі жұмыс істеуінің құқықтық негіздерін, депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның құрылу және оның қызмет ету, екінші деңгейдегі банктердің депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысу тәртібін, сондай-ақ жүйеге қатысушылардың өзара қарым-қатынастарының өзге де мәселелерін айқындайды.
1-тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: