Банкроттық туралы
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 21 қаңтардағы № 67-1 Заңы
(2012.12.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2011 жылғы 15 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді)
Түпнұсқада мазмұны жоқ
ҚР 11.07.01 ж. № 239-II Заңымен Заңның бүкіл мәтіні бойынша сөздер ауыстырылды
ҚР 01.07.98 ж. № 256-1 Заңымен; 2008.05.07. № 60-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) кiрiспе өзгертiлдi
Осы Заң дәрменсiз борышкердi оңалтудың арнаулы рәсiмдерiн өткізудiң, заңды тұлғаны банкрот деп танудың және оны таратудың, сондай-ақ сырттай байқау рәсiмiнiң шарттары мен тәртібін белгiлейдi.
1-тарау. Жалпы ережелер
ҚР 11.07.97 ж. № 154-1; 01.07.98 ж. № 256-1; 11.07.01 ж. № 239-II; 08.04.04 ж. № 542-II; 2006.10.01 № 115-III (бұр. ред. қара) Заңдарымен 1-бап өзгертiлдi; 2008.05.07. № 60-IV ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) ақшалай міндеттеме - борышкердің кредиторлар жеткізген (беріп жіберген) тауарлардың (орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің) құнын төлеуге, пайдаланғаны үшін сыйақы (мүдде) төлей отырып, қарыз сомасын қайтаруға, сондай-ақ ақшалай сипаттағы өзге де талаптар бойынша төлемдерді жүзеге асыруға міндеттілігі;