Электр энергиясын энергия өндіруші білікті ұйымдардан сатып алу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 16 қаңтардағы № 70 Қаулысы
(2012.07.06. берілген өзгерістермен)
ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 5 тамыздағы № 876 Қаулысымен күші жойылды
«Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 4 шілдедегі Заңының 5-бабының 8) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Электр энергиясын энергия өндіруші білікті ұйымдардан сатып алу қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 16 қаңтардағы
№ 70 қаулысымен бекітілген
Электр энергиясын энергия өндіруші білікті ұйымдардан сатып алу
қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Электр энергиясын энергия өндіруші білікті ұйымдардан сатып алу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 5-бабының 8) тармақшасына сәйкес әзірленді және Өңірлік электр желілері компанияларының және (немесе) жүйелік оператордың электр энергиясының нормативтік шығасыларын жабу үшін энергия өндіруші білікті ұйымдардан электр энергиясын сатып алу тәртібін белгілейді.