Қазақстан Республикасы Президентінің жанында Шетелдiк инвесторлар кеңесiн құру туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 ж. 30 маусымдағы № 3985 Жарлығы
(2011.22.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2012 жылғы 13 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 20) тармақшасына сәйкес қаулы етемiн:
1. Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан Шетелдiк инвесторлар кеңесi құрылсын.
2. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдiк инвесторлар кеңесi туралы ереже бекітілсiн (қоса берiлiп отыр).
3. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бiрiншi орынбасары - Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөніндегі мемлекеттік комитетiнiң төрағасы бiр ай мерзiмде Мемлекет басшысының қарауына Кеңестiң дербес құрамы жөнiнде ұсыныстар енгiзсiн.
4. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
| Қазақстан Республикасының Президентi | Н. Назарбаев |
Қазақстан Республикасы
Президентінің
1998 жылғы 30 маусымдағы
№ 3985 Жарлығымен
бекітілген
ҚР Президентінің 24.11.03 ж. № 1234 жарлығымен ереже жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдiк инвесторлар кеңесi туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1. Шетелдiк инвесторлар кеңесi (бұдан әрi - Кеңес) Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады.
2. Кеңес қызметiнiң құқықтық негiзiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдары, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілері, сондай-ақ осы Ереже құрайды.
3. Кеңестiң қызметiн қамтамасыз етудi Қазақстан Республикасы Президентінің Әкiмшiлiгi мен Кеңестiң жұмыс органы жүзеге асырады.
ҚР Президентінің 2011.06.04. № 1182 Жарлығымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінiң Инвестициялар жөніндегі комитетi Кеңестiң жұмыс органы болып табылады.