Введите номер документа
Прайс-лист

Тағылымдамадан өткен және нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу қағидалары (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 22 мамырдағы № 653 қаулысымен бекітілген) (күші жойылды)

Информация о документе
Датавторник, 22 мая 2012
Статус
Утратил силу
утратил силу с 9 апреля 2015

ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 27 наурыздағы № 161 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2012 жылғы 22 мамырдағы

№ 653 қаулысымен

бекітілген

 

 

Тағылымдамадан өткен және нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу
қағидалары
 
1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Тағылымдамадан өткен және нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Нотариат туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 14 шілдедегі Заңына сәйкес әзірленді және тағылымдамадан өткен және нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу тәртібі мен шарттарын белгілейді.

2. Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер және жеке практикамен айналысатын нотариустардан немесе мемлекеттік нотариустардан тағылымдамадан өткен адамдар облыстардың, республикалық маңызы бар қала мен астананың аумақтық әділет органдары жанында (бұдан әрі - аумақтық әділет органдары) құрылатын нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттау жөніндегі комиссияда (бұдан әрі - Комиссия) аттестаттаудан өтеді.

Комиссияның жұмыс органы аумақтық әділет органы болып табылады.

Комиссия жеті мүшеден - нотариаттық палатаның төрағасын қоса алғанда, екі нотариустан, әділет органдарының екі өкілінен, құқықтанушы ғалымнан және мәслихаттың екі депутатынан тұрады.

Нотариустардың кандидатураларын нотариаттық палата Комиссияның құрамына қосу үшін аумақтық әділет органына ұсынады.

Құқықтанушы ғалымның кандидатурасын тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында жоғары білім берудің оқу бағдарламаларын іске асыратын жоғары оқу орындары ұсынады.

Мәслихат депутатының кандидатурасын облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың мәслихаттары ұсынады.

Комиссия мүшелерінің бірі оның құрамынан шыққан жағдайда, ол шыққан күннен бастап жаңа мүшесі бір айдан кешіктірілмей құрамға енгізіледі.

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом