Введите номер документа
Прайс-лист

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2008.19.03 № 270 ҚАУЛЫСЫ

Информация о документе
Датапонедельник, 1 января 0001
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего измененияпонедельник, 1 января 0001

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2008 жылғы 19 наурыздағы

№ 270 қаулысымен

Бекітілген

 

Осы редакция 2012 жылғы 14 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Атом энергиясын пайдалану объектілерінің өмірлік циклінің кезеңдеріне байланысты
жұмыстарды орындау жөніндегі қызметті лицензиялау
ережесі
 
1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Атом энергиясын пайдалану объектілерінің өмірлік циклінің кезеңдеріне байланысты жұмыстарды орындау жөніндегі қызметті лицензиялау ережесі Қазақстан Республикасының «Атом энергиясын пайдалану туралы» 1997 жылғы 14 сәуірдегі, «Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы заңдарына сәйкес әзірленді және атом энергиясын пайдалану объектілерінің өмірлік циклінің кезеңдеріне байланысты жұмыстарды орындау жөніндегі қызметті лицензиялау тәртібін анықтайды.

2. Қызметтің бұл түрі мынадай кіші қызмет түрлерін қамтиды:

1) атом энергиясын пайдалану объектілерін орналастыру;

2) атом энергиясын пайдалану объектілерін жобалау (атом энергиясын пайдалану объектілерін, олардың бөліктерін, блоктарын, жүйелерін, конструкцияларын салу үшін қажетті техникалық-экономикалық негіздемені, есептерді, сызбаларды, макеттерді, сметаларды, түсіндірме жазбаларды қамтитын кешенді техникалық, конструкторлық және технологиялық құжаттаманы әзірлеу);

3) атом энергиясын пайдалану объектілерін (бүкіл кешенді, жекелеген ғимараттарды, бөліктерді, блоктарды, жүйелерді, құрастырмаларды, қосалқы үй-жайларды, жабдықтарды) салу;

4) атом энергиясын пайдалану объектілерін (бүкіл кешенді, жекелеген ғимараттарды, бөліктерді, блоктарды, жүйелерді, құрастырмаларды, қосалқы үй-жайларды, жабдықтарды) пайдалануға қосу;

5) атом энергиясын пайдалану объектілерін (бүкіл кешенді, жекелеген ғимараттарды, бөліктерді, блоктарды, жүйелерді, құрастырмаларды, қосалқы үй-жайларды, жабдықтарды) пайдалану;

6) атом энергиясын пайдалану объектілерін (бүкіл кешенді, жекелеген ғимараттарды, бөліктерді, блоктарды, жүйелерді, құрастырмаларды, қосалқы үй-жайларды, жабдықтарды) пайдаланудан шығару;

7) атом энергиясын пайдалану объектілерін басқару.

3. Заңды тұлғалар лицензиялау субъектілері болып табылады.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом