Введите номер документа
Прайс-лист

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2002 Ж. 18 ҚЫРКҮЙЕКТЕГІ № 1032 ҚАУЛЫСЫ

Информация о документе
Датапонедельник, 1 января 0001
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего измененияпонедельник, 1 января 0001

Жауынгерлік қол атыс қаруының және оған оқ-дәрінiң, сондай-ақ суық қарудың айналымы ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 18 қыркүйектегі № 1032 қаулысы

(2004.08.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2012 жылғы 7 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Қарудың жекелеген түрлерінің айналымын мемлекеттік бақылау туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 30 желтоқсандағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді:

1. Қоса берiлiп отырған Жауынгерлiк қол атыс қаруының және оған оқ-дәрінің, сондай-ақ суық қарудың айналымы ережесi бекітілсiн.

2. «Қазақстан Республикасы Президентiнің 1995 жылғы 17 сәуірдегі № 2201 қаулысын iске асыру жөніндегi шаралар туралы» Қазақстан Республикасы ?кіметінiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1894 қаулысына (Қазақстан Республикасы ПҮКЖ-ы, 1995 ж., № 41, 515-құжат) мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:

көрсетiлген қаулымен бекітілген Лицензиялауға жататын қызметтің түрлерiне, соның iшiнде патент түрiнде лицензияларды беруге өкілеттiк берiлген мемлекеттік органдардың (лицензиарлардың) тiзбесінде:

1-тармағының 3-бағаны мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

«Жауынгерлiк қол атыс қаруын және оның оқ-дәріні жасау, өндiру, жөндеу, сату, сатып алу, коллекция жасау, экспонатқа қою».

3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

И. Тасмағамбетов

Қазақстан Республикасы Yкіметінің

2002 жылғы 18 қыркүйектегi

№ 1032 қаулысымен

бекітілген

 

 

Жауынгерлік қол атыс қаруының және оған оқ-дәрінің, сондай-ақ суық қарудың айналымы

ережесі

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Ереже жауынгерлік қаруды өндiрудi, жинауды, қайта жасауды, сатуды (саудалауды), тапсыруды, марапаттауды, сатып алуды, экспонаттауды, есепке алуды, сақтауды, сақтау мен алып жүрудi, тасымалдауды және пайдалануды қоса алғанда, жауынгерлiк қол атыс қаруының және оған оқ-дәрiнің, сондай-ақ суық қарудың (бұдан әрi - жауынгерлiк қару) айналымын ретке келтiредi.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом