Введите номер документа
Прайс-лист

«Қазақстан Республикасының мемлекеттiк рәмiздерi туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 28 маусымдағы № 23-V Конституциялық Заңы

Информация о документе
Датачетверг, 28 июня 2012
Статус
Действующийвведен в действие с 28 июня 2012
Дата последнего изменениячетверг, 28 июня 2012

Қазақстан Республикасының
Конституциялық Заңы
 
 «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк рәмiздерi туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына
өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

 

Осы Конституциялық заңды iске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтiк құқықтық актiлердiң тiзбесiн қараңыз

 

1-бап. «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк рәмiздерi туралы» 2007 жылғы 4 маусымдағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2007 ж., №11, 72-құжат; 2008 ж., №13-14, 53-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

1) бүкіл мәтін бойынша «мемлекеттік стандартқа», «мемлекеттік стандарттарға», «мемлекеттік стандарттарын» деген сөздер тиісінше «ұлттық стандартқа», «ұлттық стандарттарға», «ұлттық стандарттарын» деген сөздермен ауыстырылсын;

2) 2-бапта:

тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

«2-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк рәміздерін дайындауды және пайдалануды реттейтiн Қазақстан Республикасының заңнамасы»;

мәтіндегі «орналастыру» деген сөз «дайындау» деген сөзбен ауыстырылсын;

3) 4-баптың 1-тармағының төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы басқа да ғимараттарда (үй-жайларда) олардың иелерінің еркі бойынша тігілуі мүмкін.»;

4) 6-баптың 2-тармағының бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:

«1-1) нотариустардың мөрлерiнде;»;

5) 8-баптың 1-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«4) теле-, радиоарналар эфирге шыққан кезде тәулiк сайын, олардың хабар таратуы басталғанда және аяқталғанда;»;

6) 10-баптың 4) тармақшасындағы «айқындау жатады.» деген сөздер «айқындау;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:

«5) өзiне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, Қазақстан Республикасының заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актiлерiмен жүктелген өзге де функцияларды орындау жатады.»;

7) 11-бапта:

1-тармақ мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:

«5) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.»;

2-тармақ мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:

«3) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.»;

8) 15-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«15-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін дайындауды және пайдалануды реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық

Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін дайындауды және пайдалануды реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.».

2-бап. Осы Конституциялық заң алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

 

 

Қазақстан Республикасының

Президентi

 

Н. НАЗАРБАЕВ

 

Астана, Ақорда, 2012 жылғы маусымның 28-i.

№ 23-V

 

 

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом